Бүгінгі таңда 10 мыңнан аса көшеттер келген болса, алдағы уақытта тағы 15 мыңға жуық ағаш көшеттері жеткізілуі көзделген. Қазіргі таңда көшеттер қондырылатын орындар дайындалып, егу жұмыстары басталып кетті. Аудан басшысы Жәнібек Ағыбаев Келес қызмет мекемесінің базасында болып, атқарылып жатқан жұмыстармен танысты. Мекеме қызметкерлері көше бойына қойылатын қорғандарды құрастыруда.
Сонымен қатар облыстық Табиғи ресуртар және табиғатты пайдалану реттеу басқармасы тарапынан Келес ауданына ағаш-бұта көшеттері жеткізілуде.
– Жеткізілген көшеттерді аудандағы барлық мекемелерді жұмылдыра отырып алдағы үш-төрт күн көлемінде қондырып, аяқтау қажет. Сонымен қатар, егілген көшеттерді күтіп, баптайтын бағбандарды жұмысқа тартауды және суғару мәселесін толыққанды шешуді тапсырамын, – деген аудан басшысы Жәнібек Есенұлы аудан аумағын көгалдандыру мен абаттандыру мәселесі қатаң бақылауда болатынын айтты.
Ағаш көшеттері аудандағы елді мекендерде орналасқан әлеуметтік нысандар мен жол бойларына қондырылады. Күтіп баптау жұмыстарына әр ауылдық округтерінің әкімдері жауапты болады. Жоспар бойынша ағаш егілген аумақтарда жалпы 16 су ұңғымалы қазылып, арнайы дайындалған темір қоршаулармен қорғалады.