ИМАМДЫ СОҚҚЫҒА ЖЫҚҚАН ИМАНСЫЗДАР ЖАЗАСЫЗ ҚАЛМАЙДЫ

1  734 көрілім

  Түркістанда «Nur Otan» партиясының OPEN SPAСE үлгісіндегі қабылдау кеңсесінде кезекті қоғамдық қабылдау өтті. Кездесу барысында облыстық полиция департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры Қайрат Дәлбеков өңір тұрғындарының арыз-шағымдарына ден қойды. Қабылдауға 14 адам жазылып, оның  келген 11-інің уәждері тыңдалды.

  Тойшыбек Есболатов Сайрам ауданы, Ақсукент ауылының тұрғыны. Имам «Қорған ата» мешітін қорғамақ болып таяқтың астында қалған. Сөзіне сүйенсек, Алланың үйі саналатын орынның аумағын заңдастыру мақсатында дау туындаған. Нәтижесінде ауруханадан бірақ шыққан дін өкілі тағайындалған сот-медициналық сараптамаға көңілі толмайтындығын жеткізген. Сондай-ақ, зәбір көрсеткендердің тиісті жазасын алуын алға тартып шағымданып отыр. Бұл бойынша Қайрат Сұлтанбайұлы тиісті жұмыстар атқарылып жатқандығын айтып, Жамбыл облысы, Тараз қаласына тереңдетілген медициналық сараптамаға іс жіберілгендігін тілге тиек етті. Қорытындысы белгілі болғаннан кейін қылмыстық іс шешімін табатындығын мәлімдеді.

  Елбасының партияны қайта жаңғырту бағдарламасын іске асыру аясындағы тапсырмасына сәйкес жүзеге асып жатқан бастамада қылмыстық істер, ішкі істер саласындағы кадр мәселелері бойынша талап-тілектерге тиісті жауаптар берілді. Қабылдауға келген әрбір келушінің сөзіне мән берген полиция генерал-майоры бұл істердің заң аясында түйіні тарқатылатындығына сендірді.

 «Түркістан-ақпарат».  

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы