«AMANAT» ПАРТИЯСЫ КАНДИДАТТАРЫ САЙЛАУ ЗАҢЫНА СӘЙКЕС ПЕ?

438 көрілім

Түркістан облыстық аумақтық сайлау комиссиясының кезекті отырысы өтті. Онда Түркістан облыстық мәслихатына саяси партиялар тізімімен ұсынылған кандидаттардың заң талаптарына сәйкестіктері қаралды.

Комиссия отырысына «Amanat», «Ауыл» халықтық-демократиялық партиясы, Қазақстанның «Ақжол» демократиялық партиясы, Қазақстанның «Байтақ» жасылдар партиясы, «Respublika» партиясы, «Қазақстан Халық партиясы» филиалдарының басшылары қатысты.

Жиын қорытындысында саяси партиялар филиалдары тізімімен ұсынылған кандидаттардың сайлау заңы талаптарына сәйкестіктері анықталды. Сондай-ақ, Түркістан облыстық аумақтық сайлау комиссиясы тарапынан партия филиалдары өкілдеріне алдағы өтетін тіркеуге дейінгі жүргізілуге тиісті жұмыстар түсіндірілді.

Айта кетерлігі, «Amanat» партиясы Түркістан облыстық мәслихатына 46 кандидат ұсынған. Оның 23-і партиялық тізіммен, қалған 23-і бір мандатты округтен сайлауға қатысады.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы