ҚАЗАҚСТАНДА ЖАҢА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ РЕЙСТЕР ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

243 көрілім

Өткен жылы Қазақстанда жеті елге 10 жаңа әуе бағыты ашылды. Айта кетейік Қазақстанға келген шетелдік туристер саны үш есе артты.

Мәдениет және спорт министрлігіне қарасты Туризм комитеті таратқан ақпаратқа сәйкес, енді Қазақстан азаматтары Милан (Италия), Ираклион (Грекия), Нха Транг (Вьетнам), Кувейт (Кувейт), Анкара (Түркия), Махе аралы (Сейшель аралдары) және Тюмень (Ресей) сияқты қалаларға тікелей рейспен ұша алады. Жаңа бағыттардың ашылуы елге шетелдік туристер ағынының динамикасына оң әсер етеді.

«Қазір Туризм комитеті жаңа әуе бағыттарын ашумен айналысып жатыр. Тікелей әуе қатынасының ашылуы елдегі туризмнің дамуына әсер етеді. Мәселен, Атырау облысына сапар жасаған туристер саны 3,5 есе өскен. Бұл өңірдің транзиттік әлеуетіне байланысты болып отыр. Бұл ретте әрбір төртінші турист Алматы қаласына аттанады. Осы кезеңде Астана қаласы туристерді рекордтық мөлшерде қабылдады – 1,2 миллионнан астам қонақ. Еліміздің тау шаңғысы курорттарына келетін туристердің саны 1,5 миллионға жетті. Жылдық өсім 20 пайызды құрады. Еліміздегі шаңғы туристерінің саны жағажай туристерінің санына тең болды», – деді Мәдениет және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаев.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы