Сауран ауданына қарасты Шаға елдімекенінде жауын-шашын мен қар, мұздықтардың еруінің салдарынан арық атыздардан су тасып, табиғи газ уақытша ажыратылып, ауыз су құбырлары да жарамсыз болып қалған.
Аудан әкімдігі тарапынан қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп, аудандағы мәселелер қалпына келтірілді.

Осы мәселеге байланысты Шаға елдімекенінің тұрғындары қалпына келтіру жұмыстары бойынша тиісті жұмыстарды атқарған азаматтарға алғысын білдірді.
Сонымен қатар, орын алған су тасқыны бойынша арнайы комиссия құрылып, түгендеу жұмыстары жүргізілуде. Шаға елдімекені бойынша анықтау жұмыстары барысында 40-қа жуық тұрғын үй анықталған. Барлық шығындар есептелініп, ақау актілері түзілді. Бұл бойынша тиісті анықтау жұмыстары әлі де жалғасып жатыр.