ЕРБОЛАТ БИМУРЗАЕВ «TARTYL FEST» ФЕСТИВАЛІНЕ ҚАТЫСЫП “MERSEDES” КӨЛІГІН МІНІП КЕЛМЕК

339 көрілім

18 ақпанда өтетін «Tartyl Fest» фестивалінің республикалық кезеңіне Түркістаннан 31 жастағы Ерболат Бимурзаев қатысады.

Бүгінде Ерболат Ізбасарұлы «Tartyl Fest» фестивалінің финалына деген дайындықты күшейткен. Ол күнделікті турникке тартылып, штанга көтеріп күш жинап жатыр. Таңертең ерте тұрып жүгіруді де дағдыға айналдырған.

«Бұл фестивальді ұзақ күттім. Қараша айында болады дегеннен бері дайындықты бастағанмын. Содан бері турник менің сенімді серігімнің біріне айналды» – дейді ол.

Ерболат өткен жылы Түркістан қаласында өткен «Tartyl Fest» фестиваліне кездейсоқ қатысқан. Әлеуметтік желі арқылы хабардар болғанымен, алғашқы да қатты көңіл бөлмепті. Жарыс жақындағанда таныс ағалары жарысқа қатысу керектігін айтып қолқа салған.

Сонда «Егер қатыссам бірінші орын аламын» – деп әзіл араластырып, уәде берген Ерболат шешуші кезеңде шынында да бірінші орынды жеңіп алды. Турникке 23 рет тартылып, жеңіс тұғырынан көрінді.

«Жарысқа еш дайындықсыз келдім. Қатысуға келген спортшы жастарды көріп, іштей қорқып, көңіл күйім түсіп кетті. Алаңды аралап келген жолдас жігіт «алаңдама, олардың бәрі сенен қорқып отыр» деп көңіл күйімді көтеріп тастады. Сол үлкен күш берді» – дейді ол.

Ерболат жастайынан спортпен шұғылданған. Қазақ күресі, гимнастика үйірмелеріне қатысып, көптеген жарыстардан жүлде алған. Атап айтар болсақ, гір тасын көтеруден, стрит воркуат сайыстарынан және штанга көтеруден қала және облыс біріншіліктерінің жеңімпазы.

Сондай-ақ, штанга көтеруден спорт шеберіне үміткер. Бүгінде ол «Түркістан-Арена» стадионындағы фитнес орталықта нұсқаушы болып қызмет атқарады.

«Үйде үш ағайындымыз. Ағам әртіс. Театрда жұмыс істейді. Ал, әпкем дизайнер. Мен спортты таңдадым. Еш өкінбеймін. Қайта қолдау көрсеткен әкем мен анама және жұбайыма, отбасыма алғыс айтамын» – дейді ол.

Ерболат егер «Tartyl Fest» фестивалінің республикалық сайысынан жүлде алса, жаңа көлік алуды жоспарлап отырғанын айтты. Яғни, спортшы жігіт Астанадан «Mersedes» көлігін мініп келмек.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы