29 КОМАНДАНЫҢ АРАСЫНДА БАС ЖҮЛДЕНІ ЖЕҢІП АЛДЫ

259 көрілім


         Жуықта   Сүлеймен Демирел университетінде республикалық робот фестивалі өтті.

Білімділер сайысында Түркістан облысы, Төлеби ауданының мамандандырылған «Дарын» мектеп-интернатының оқушыларынан құралған «TeenLights» командасы Robot Design бағыты бойынша жүлделі бірінші орынға ие болды.

Біз Төлеби ауданының мамандандырылған мектеп-интернатының оқу ісі жөніндегі орынбасары, информатика пәнінің мұғалімі, роботтехника үйірмесінің жетекшісі, педагог-шебер, «Қазақстан Республикасының білім беру ісінің құрметті қызметкері» төс белгісінің иегері Сакен Далмырзаевпен аз-кем сұхбаттасып,  жетістікке жетудің сырын білмекке  талпындық.

«Еңбексіз жетістікке жету мүмкін емес» деген сөз бар.  Біз үшін бұл  биіктерге қол жеткізу оңай  болған жоқ. Ерен еңбектің, ата-ананың демеуімен, оқушылардың құлшынысымен осындай шыңдарға көтеріліп отырмыз. Әрине, белгілі бір жетістікке жетуде оқушылардың бұл салаға деген қызығушылығы, талпынысы мен еңбекқорлығы ғана емес, жетекшінің әр оқушыға дұрыс жол көрсетіп, оны одан әрі дамыту менің негізгі ұстанымдарымның бірі болды.   Осы орайда, әрбір балаға мүмкіндік ретінде мектепте арнайы бағдарламалау, роботатехника сабақтары өткізіліп, жарыстарда жүлделі орындар алуға себепкер болдық.

Мектепте «Робототехника» үйірмесі бар. Мектептің үздік үш информатика пән мұғалімдері  Сәкен Далмырзаев, Меруерт Орынбекова Айжан Кенжеева үйірмені жүргізеді. Осы ұстаздардың ерен еңбегінің арқасында біздің мектептің командасы облыстық, республикалық, халықаралық жарыстарда жоғары деңгейдегі жетістіктерге жетуде.

Оқушылар осындай түрлі жарыстарға дайындық барысында роботқа программа беру үшін Lego Mindstroms Education және Spike Prime жинақтарына Lego Mindstorms, Scretсh, Python секілді түрлі бағдарламаларды қолданып және оларды жетік меңгерген» дейді, үйірме жетекшісі бізбен әңгімесінде .

Жалпы, қазіргі кезде оқушылардың жаңа инновациялық технологияларды меңгеруге бейімдігі жақсы. Осы ретте дарынды балалардың жетекшісіне:

-Қандай  оқушыларды есімін ерекше атап өтер едіңіз, жалпы  жасанды интеллект,    жаңа заманауи  технологияларды  игеруге оқушылардың қызығушылығы қандай?-дегенбіз.

«Оқу ағарту министрлігі мен Қарағанды облысының білім басқармасының ұйымдастыруымен «Roboland 2022» VIІ халықаралық робототехника, бағдарламалау және инновациялық технологиялар фестивалі 2022 жылғы қараша айының 4-5 күні Қарағанды қаласы, «Жастар» спорт кешенінде, «Шахтер» стадионында өткен болатын. Халықаралық фестивальге Қазақстанның, Ресейдің, Грекияның, Өзбекстанның, Қырғызстанның түкпір-түкпірінен 800-ге жуық қатысушы қатысты. «Төлеби ауданының мамандандырылған мектеп-интернатының информатика пәні мұғалімі Далмырзаев Сакеннің жетекшілігімен 11-сынып оқушылары Рахматулла Ақжол, Балғабай Бағжан «Roboland Kazakhstan» категориясынан жүлделі ІІ орынды, Кенжебек Сұлтан, Аманхан Алихан «Ралли» категориясынан жүлделі ІІІ орынды иеленіп, олжалы оралдық. Расында, біздің балалардың инновациялық технологияны  игеруге деген қызығушылығы зор.

Осы сала бойынша түрлі жетістіктерге жеткен оқушыларға тоқтала кетсем:11 сынып оқушылары Кенжебек Сұлтан, Аманхан Алихан, Рахматулла Ақжол, Балғабай Бақжан, Әтірет Бекзат, 10-сынып оқушылары Мұратқызы Ұлжалғас, Үшкемпір Диана. Бұл оқушылар 7 сынып кезінен осы салаға қызығып, өз бақтарын түрлі додаларда сынап жүрген мектебіміздің озаттары. Сонымен қатар, осы жылы робототехника үйірмесі  7-10 сынып оқушыларымен толықты. Олар да өз білімдерін түрлі сайыстарда көрсетіп, алдыңғы қатарлардан көрініп жүр », дейді ұстаз.

Иә, «Дарынның» дарынды балаларының табыстары бізді таңғалдыра түсмкендей. Жуырда  «Дарын»  Республикалық  Ғылыми практикалық орталығының ұйымдастырылуымен Сүлейман Демирел университет базасында  Республикалық  Роботтар фестивалінде дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп оқушылары арасында өткен жарыстан «TeenLights» командасы Robot Design бағыты бойынша жүлделі І орынға ие болып ақпан айында Астана қаласында өтетін «First Kazakhstan 2023» ұлттық құрамаға іріктеу кезеңіне жолдама алды. Ал, 2023 жылы 25-қаңтарда Шымкент қаласындағы «Alan» халықаралық мектебінде өткен робототехника бойынша Alan First Championship жарысына Қызылорда, Жамбыл, Шымкент, Түркістан облысынан 29 команда қатысып, First Lego League Challendge жарысында “INNOVATION PROJECT CHAMPION’S AWARD” категориясынан «Дарын» мектеп-интернатының “FUTURE TALENTS” тобы бас жүлдені, First Lego League Challendge командалық ойынынан “TEEN LIGHTS” тобы жүлделі ІІ орынды жеңіп ақпан айының 24-25 сі күні  Астана қаласында өтетін “First Kazakhstan 2023” ұлттық құрамаға іріктеу кезеңіне жолдама алып, зор жетістіктерге жетіп отырғаны бізді де қуантты.   

  «Қазіргі таңда Қазақстан роботатехника саласы дамып, осы сала бойынша еліміз үлкен жетістіктерге жетіп, халықаралық деңгейге көтеріліп отырған жайы бар. Осы орайда біздің оқушыларымыз First Lego League Challendge жарысында Қазақстанның туын әлемдік деңгейге көтеруді негізгі мақсат етіп отыр», деп аяқтады сөзі Сәкен  Абдиманатұлы.

Біз дарынды балалардың  алдағы уақытта бұдан зор белестерді бағындыруына тілектеспіз.

 Ә.ТӘШІМ,

Төлеби ауданы

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы