КЕЛЕС: АУДАНДА СУ ТАСҚЫНЫНА ҚАРСЫ ДАЙЫНДЫҚ ШАРАЛАРЫ ҚОЛҒА АЛЫНДЫ

408 көрілім

Келес ауданының Ақтөбе ауылдық округіндегі жаңбыр және еріген қардан жиналған судың кедергісіз ағып кетуі үшін қашыртқылар кеңейтілуде. Келес ауданының әкімі Жәнібек Ағыбаев, аудан әкімінің орынбасары Сүлеймен Жылқыбаев, аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы Хайрулла Кеңесов Көкбұлақ ауылында болып, Оймауыт каналымен байланысатын қашыртқының жай-жапсарымен танысты.

Ауыл тұрғындарымен кеңесе отырып, арнайы техника арқылы қашыртқыдағы судың кедергісіз ағып өтуі үшін жағдай жасалды. Аталған жұмысқа арнайы техникалар жұмылдырылды.

Айта кетейік, ел арасында Жантақсай аталып кеткен аймақтан қырдағы еріген қар мен жаңбыр суы осы қашытқы арқылы Оймауыт каналына жіберіледі. Сонымен қатар Ошақты ауылдық округіндегі қашытқыларды кеңейтіп, көпір маңдарын тазарту жұмыстары жүргізілді. Жалпы 10-ға жуық техникалар төтенше жағдайды алдын-алу үшін тиісті жұмыстарына тартылды.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы