Қазығұрт ауданында жауынның салдарынан орын алуы мүмкін табиғи апаттың (селдің) алдын алу шаралары тоқтаусыз жүріп жатыр. Барша ауыл округтерде арық-атыздарды тазарту, каналдар мен қашыртқыларды кеңейту, су жиналған жерлерді арнайы құрылғымен (насос) тазарту жұмыстары жүргізілуде.

Сондай-ақ, ауданның таулы аймақтарында орналасқан ауыл округтерде қардың еруі жіті бақылауда. Аудан әкімінің тапсырмасына сай 13 ауыл округ бойынша жағдай бақылауға алынған.
Ауыл-аймақтардағы қашыртқылар мен арықтардың суын ауыл маңындағы өзендер арнасына бұру жұмыстары да жалғасуда.
