Аудандағы Дарбаза ауылдық округінде жауын-шашыннан жиналған сулар қырдың сағаларымен және тазаланған қашыртқылармен ағып өтуде. Маңызды мәселеге айналған жағдайды әкім тікелей өз бақылауына алған.
Бүгінде аудан аумағында жауын-шашын салдарынан су тасқынын болдырмау мақсатында қашыртқылар мен ішкі көшелердегі су басу қаупі бар арық-атыздарды тазалауға қажетті техникалар жұмылдырылып, жұмыстар жүргізілуде.

Сонымен қатар, аудан орталығы Сарыағаш қаласындағы көшелерде жиналған жаңбыр суларын қала әкімдігі тарапынан су сорғылармен арнайы мамандар тазалауға кірісті. Қала аумағындағы су басу қаупі бар көшелердегі арық-атыздар толықтай тазартылған. Бұдан бөлек, нөсер жауынның мол түсуіне байланысты Жылға ауылдық округіне қарасты Қарақалпақ елдімекенінде су тасқынының алдын алу шаралары жүргізілуде.
