САРЫАҒАШТА ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАРДЫҢ АЛДЫН АЛУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРАЛДЫ

189 көрілім

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының тапсырмасына сәйкес, Сарыағаш ауданында көктемгі су тасқынының алдын алу шаралары ұйымдастырылуда. Осы мақсатта аудан әкімі Арман Абдуллаев сел басу қаупі бар Құркелес, Дарбаза, Жылға ауылдық округтеріне барып, аудан аумағындағы каналдар мен қашыртқылардың жағдайымен танысты.

«Биыл қар көп мөлшерде жауды. Соның салдарынан аяз болып, жер бедері қатып жатыр. Бірақ, аудандағы кейбір елдімекендерде су тасқыны қаупі әлі де сейілген жоқ. Соған байланысты сел басу қаупі бар аймақтарда сақтық шараларын ұйымдастыру маңызды. Ол үшін қар толған қашыртқыларды, ауыл арасындағы арық-атыздарды тазалап, қажет болған жағдайда тереңдетіп қазу жұмыстарын жүргізу қажет», – деді аудан әкімі.

Нәтижесінде аудан аумағындағы су басу қаупі бар аймақтар анықталып, тиісті жұмыстар жүргізілуде. Аудан әкімі тарапынан жауапты тұлғаларға су басу қауіпі жоғары ауылдық округтерге құм қапталған қаптарды жеткізіп, су сорғы машиналары мен арнайы техникаларды дайындау жөнінде тапсырмалар берілді.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы