- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Skype
- Telegram
Таразда Таеквандо федерациясының тұңғыш президенті Бексейіт Түлкиевті еске алуға арналған А санаттағы халықаралық турнир өтті. Оған өзге облыстар мен шет мемлекеттерден келген 800 спортшы қатысты.
Халықаралық аламанда ел намысын қорғайтын спортшылардың қатарынан Сауран ауданы білім бөліміне қарасты Амангелді жалпы орта мектебінің 9 сынып оқушысы Боранбай Жаннұр да алғашқы көш басынан көрініп, ел мерейін өсірді. Балғын спортшы Қазақстан Республикасының Таеквандо (WT) федерациясының тұңғыш президенті Бексейіт Түлкиевті еске алуға арналған А санатындағы халықаралық турнирде жастар арасында 59 кг салмақ дәрежесінде ІІІ орын иеленді. Барлығы 18 аймақ пен көршілес Өзбекстан, Қырғызстан мемлекеттерінен келген оғландар өзара шеберлік сынасқан турнир ақпанның соңында аяқталмақ. Спортты жастайынан серік еткен Жаннұрға әр спортшының арманы – Олимпиада тұғырынан көрінуге тілектеспіз.