САРЫАҒАШТЫҚ СПОРТШЫЛАР ЧЕМПИОН АТАНДЫ

606 көрілім

Ауданға аранайы іс сапармен барған облыс әкімінің орынбасары Бейсен Тәжібаев «Дене шынықтыру сауықтыру кешеніне» барып, ауданның дене шынықтыру және спорт саласының жай-күйімен танысты. Аудан басшысы А.Абдуллаев облыс әкімінің орынбасарына спорт саласында атқарылып жатқан жұмыстар мен осы саладағы мәселелер жөнінде айтып өтті.

Кездесу барысында Б.Тәжібаев және А.Абдуллаев биылғы жылы қаңтар айының 11-13 күндері аралығында Талдықорған қаласында волейболдан жасөспірімдер арасында өткен ҚР біріншілігінде чемпион атанған сарыағаштық жасөспірімдер Ерболатұлы Рахымжан және Қанбатыр Хансұлтанды жеңістерімен құттықтап, арнайы алғыс хатпен және бағалы сыйлықтармен марапаттады.

– Спорт–денсаулық кепілі десек, спорттағы жетістіктер – ел мерейін өсіретін жүлделер тынымсыз еңбектің жемісі. Мұндай жеңістер қажырлы күшпен келеді. Жарыста намысты қолдан бермей, облыс мерейін үстем еттіңіздер. Алдағы уақытта да додаларда топ жарып, жеңіс тұғырынан көріне беріңіздер. Жеңістеріңіз құтты болсын – деді Б.Тәжібаев

Жиын барысында жас чемпиондар спорттағы жетістіктерін айтып, бұдан да жоғарғы белестерді бағындыруға ниетті екендіктерін жеткізе отырып, облыс әкімінің орынбасарына және аудан әкіміне өз ризашылықтарын білдірді.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы