Түркістан облысы Төлеби ауданының адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты аудандық оқушылар үйіндегі үйірмелерге қатысатын жеті жасөспірім Жамбыл облысының білім басқармасы ұйымдастырған «Инновация – прогресс қозғаушысы» атты халықаралық байқауда бақ сынады.
Аталмыш байқауда төлебилік 2 оқушы: Ескендір Хасан «Зымыран тасушы көлік» жобасын, Элярбек Тулапбек «Термо кескіш» жобасын қорғап, І дәрежелі дипломмен марапатталды.Ал Ақнұр Әмірханға «Жол талғамайтын көлік» жобасы үшін ІІ дәрежелі диплом табысталды.
Аталған оқушылар халықаралық байқауға «Әскери техника» және «Арнайы техника» номинациялары бойынша қатысты. Бұл жеңімпаз жасөспірімдердің жетекшісі, Төлеби аудандық оқушылар үйінің қосымша білім беру педагогтары Назарбек және Раушан Кебекбаевтар.
