ҚЫЗЕМШЕК КЕНТІНДЕ ЖЫЛУ ҚАЗАНДЫҚТАРЫ ТЕКСЕРІЛДІ

249 көрілім

Бүгін аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков Қыземшек кентінде болып, ондағы «Шолаққорған-су» КММ мекемесіне қарасты орталықтандырылған жылу жүйесіндегі сұйық және қатты отынмен жанатын жылу қазандықтарының жай-күйін бақылады.

Қаңтар айында ауа температурасының суықтығына байланысты, ең алдымен тұрғындарды сапалы жылумен қамту керектігін айтып, тиісті мамандарға бақылауда ұстауды тапсырды. Айта кетейік, қазіргі таңда Қыземшек кентінде ауа температурасы -13 градусты көрсетсе, жылу қазандығынан шыққан температураның баруы 70 градусты, қайтуы 50 градусты көрсетуде.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы