МАҚТААРАЛ: ЕКІ БІЛІМ ОРДАСЫНА АЛАШ ЗИЯЛЫЛАРЫНЫҢ ЕСІМІ БЕРІЛДІ

551 көрілім

Мақтаарал ауданының адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты №36 жалпы орта мектебіне көрнекті қоғам қайраткері, саяси Алаш партиясының ұйымдастырушысы, Алашорда автономиялы үкіметінің төрағасы, ғұлама ғалым, әдебиеттанушы, аудармашы әрі дарынды публицист Әлихан Бөкейханның есімі берілді.

«Алаш зиялысы, ғұлама ғалымның есімімен аталып отырған білім ордасы – Мақтаарал ауданы, Жамбыл ауылдық округіне қарасты Жамбыл ауылында орналасқан. Мектеп тарихына тоқталар болсақ, 2002 жылдан №117 негізгі мектеп болып өз жұмысын бастаған болатын. 2018 жылы қыркүйек айында аталған мектеп заманауи үлгідегі 200 орындық жаңа ғимаратқа көшіріліп, №36 жалпы орта мектебі болып қайта аталды.

Сонымен қоса, №9 жалпы орта мектепке де жуырда қазақтың ұлы ұстазы, тіл білімі ғылымының негізін қалаушы, әдебиеттанушы ғалым әрі педагог ұстаз Ахмет Байтұрсынұлының есімі беріліп мектеп ұжымын қуанышқа бөлеп отыр. Мұндай ұлы тұлғаның есімі берілгені, ұстаздарға қуанышпен бірге үлкен міндеттерді жүктеуі де анық. Білім ордасы Атакент кентінде орналасып 2016 жылы Тәуелсіздігіміздің 25 жылдық мерейтойы қарсаңында пайдалануға берілген.

Әлихан Бөкейханов және Ахмет Байтұрсынұлы – тарихымызда айрықша орны бар бірегей тұлғалар. Алаш жұртының асыл перзенті халқымыздың тағдыры сынға түскен күрделі кезеңде ерекше қайраткерлік танытқан. Шын мәнінде, өмір жолдары – ұлтқа қызмет етудің жарқын үлгілері. Арыстарымыздың есімін ардақтап, ұлағатты ісін жалғастыру – халқымыздың қастерлі парызы бола бермек.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы