ЖҰМЫСШЫ ТОП ҮШКҮНДІКТІ ҚОРЫТЫНДЫЛАДЫ

1  352 көрілім

Түркістанда «Nur Otan» партиясы жанындағы «Балалар құқығын қорғау» жөніндегі қоғамдық кеңес мүшелерінің қорытынды жиыны өтті. Нұр-Сұлтан қаласынан келген жұмысшы топ үш күн бойы Түркістан облысының 3 қала, 8 ауданданда орналасқан 90-ға жуық мекемені аралап, жергілікті атқарушы органдардағы атқарылып жатқан істерді саралады. Кеңейтілген мәжіліске облыс әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов және аудан, қала әкімдерінің орынбасарлары мен әлеуметтік салаға жауапты мамандар қатысты.

Бастауыш партия жанындағы балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі кеңесінің консультанты, жұмысшы топтың жетекшісі Рысты Жұмабекова өңірде жүргізілген жұмыстармен таныстырды. Кеңес консультанты, топ жетекшісі Мансия Исказина, ҚР ДСМ Жастар және отбасылық істер жөніндегі комитеті бөлімінің бастығы Азамат Белқайров, ҚР Ішкі істер министрлігінің ювеналды полиция және әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау департаментінің аға инспекторы Рүстем Құттыбаев атқарылған істерге тоқталды.


Басқосуда өзекті мәселенің бірі білім беру ұйымдарындағы асханалар жұмысы сынға алынды. Облыс басшысының орынбасары Сәкен Амангелдіұлы аудан, қалалардағы әлеуметтік нысандарды аралау барысында орын алған жағдайларды қадағалауды басты назарға алатындығын атап өтті. Сондай-ақ, алдағы уақытта балалардың болашағына байыппен қарау бағыты бойынша тиісті жұмыстар ұйымдастырылып, көшбасшы партиямен бірге арнайы жобалар іске асатындығын айтты.

«Түркістан-ақпарат».

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы