Түркістан облысы, Ордабасы ауданы адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты “Достық” жалпы орта мектебінің 6-сынып оқушысы Мұхтарова Гүлнұр өткен жылғы 28 шілде – 3 тамыз аралығында Түркияның Алания қаласында менталды арифметикадан ұйымдастырылған олимпиадада 11-13 жас аралығындағы жасөспірімдер арасында өткен “Junior Kids” турында 5-6 қатарлы есепті барлық формула бойынша орындап, І – орынды иеленген болатын. Гүлнұр Қырғызстан, Өзбекстан, Молдава, Болгария, Швеция мен Ираннан келген командалармен иық тіресе білім сынасты.
Нәтижесінде, осы жылдың қаңтар айында Біріккен Араб әмірлігі, Дубай қаласында өтетін халықаралық олимпиадаға қатысуға жолдама жеңіп алды. Мухтарова Гулнұр бұл олимпиада да І орын иеленіп, еліміздің көк туын жеңіс тұғырынан желбіретті. Аталмыш додаға Мәскеу, Словакия, Иран, Өзбекстан мен Қазақстан елдері қатысты