ТӨЛЕБИ АУДАНЫНДА 55 ЕЛДІМЕКЕННІҢ 48-І ТАБИҒИ ГАЗБЕН ҚАМТЫЛДЫ

409 көрілім

Төлеби ауданында өзекті мәселелер шешімін табуда. 2021-2023 жылы 6 ауызсу құбыры бойынша 198,0 ш.қ құбыр жаңартылып, 20 нысан 16,0 ш.қ су құбыры ағымдағы жөндеуден өткізілген.

Сонымен қатар, Леңгір қаласындағы №3-ші кәріз тазалау ғимаратының құрылысы мердігер «СарығашАман» ЖШС жүргізуде, нысан 2024 жылға өтпек.

Қазіргі таңда жалпы аудандағы 55 елдімекеннің 48-і орталықтанған табиғи газбен толық қамтылған. Қалған 7 елдімекен биыл табиғи газбен қамтылмақ. Сондай-ақ, Алатау ауылдық округі Біркөлік елдімекенінің Қазақстан көшелері, Екпінді елдімекенінің Т.Назарбеков көшелері, Бірінші мамыр ауылдық округтері электр қуатымен қамтамасыз етілуде. Бұдан бөлек, Тағайна ауылы, Айбын, Байлық, Береке, Бәйтерек, Бірлік, Ақжол, Ақпейіл, Аққайнар, Сазды және №1,2,3 көшелері, Кемеқалған ауылдық округі Қаратөбе елдімекені Қазығұрт, Қаратөбе, Ынталы, Руханият, Сұңқар, Ақбура көшелерін электр қуатымен қамту жұмыстары жүргізілуде.

Айта кетсек, бүгінде Леңгір қаласының 1-шағын ауданындағы жаңа массив көшелеріне электр желілері тартылып, трансформатор орнатылды. Сонымен қатар, Леңгір қаласы «Қазығұрт» м/а 10/04 кВ электр желісінің құрылысы жүргізіліп, «Алатау» ықшам ауданында 110 кВ ӘЖ бар ҚС-110/10 кВ электр қосалқы станциясының құрылысы басталды.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы