ҚАЗЫҒҰРТ:  ОҚУШЫЛАР АРАСЫНДА ОБЛЫСТЫҚ ТУРНИР ӨТТІ

327 көрілім

Түркістан облысы Қазығұрт ауданындағы қазыналы қара шаңырақ – Қ.Сатпаев атындағы мектеп-лицейінде «Ерлікке тағзым» атты айлық аясында мектеп-лицейдің әскери жетекшісі Мустафаев Асқардың демеушілігімен оқушылар арасында пневматикалық мылтық атудан облыстық турнир болып өтті.

Жасөспірімдерді отансүйгіштік рухта тәрбиелеу, патриотизмге баулу, ауданымыздың мықты спортшыларын анықтау, «Ерлікке тағзым» жобасы аясында әскери- спорттық тәрбиені күшейтуді көздеген турнирге 7 команда шақырылды. Команда құрамы 6 оқушы, 1 жаттықтырушыдан тұрды.  Қазығұрт аудандық білім бөлімінің бас маманы Есіркепов Ерғали бас төрешілік еткен   жарыс ережесіне сай, мылтық және тапанша қолданылды. Әр оқушы дайындыққа 5 оқ, есепке 20 оқ атып, өз мергендіктерін сынады.

Нәтижесінде мылтық атудан қыздар арасында:

I орын – Қалмаханбет Жансезім (Қ. Сатпаев).

II орын – Тажимбекова Жанару (О. Жандосов).

III орын Абдисаттар Айша, Қамшыбек Каусар (Қ. Сатпаев).

Ал ұлдар арасында мылтық атудан:

I орын – Орынбасар Заңғар (Т. Рысқұлов),

II орын – Абдуазимов Нурислам (Қ. Сатпаев),

III орын – Амангелді Асхат (Кезеңбұлақ), Ержанов Нұрмахан (Қ. Сатпаев) иеленді.

Тапанша атудан ұлдар арасында:

I орын – Қайыржан Ернұр (Қ. Сатпаев),

II орын – Қамитбек Амирхан (Қ. Сатпаев)

III орын – Абдіқасым Нұрислам (О. Жандосов).

Қыздар арасында тапанша атудан:

I орын – Утениязова Мадина (Қ.Сатпаев),

II орын – Сапарбекова Амина (Қ.Сатпаев),

III орын – Ешмұрат Сабина (Қ.Сатпаев) иеленді.

Жеңімпаз оқушылар медаль, мадақтамалармен марапатталды. Ал есімдері аталған жеңімпаздарды дайындаған жаттықтырушылар Қазығұрт аудандық «Отан» ЖШС тарапынан арнайы мадақтамамен марапатталды.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы