ЖАС ӨНЕРТАПҚЫШ ЖАНАРМАЙ ҮНЕМДЕЙТІН ҚҰРЫЛҒЫ ОЙЛАП ТАПТЫ

205 көрілім

Түркістан облысы Сарыағаш ауданының адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты №27 Шәкәрім атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің 10-сынып оқушысы Қалымбек Ерсұлтан техникалық транспорттағы жанармайды барынша үнемдейтін құрылғы ойлап тапты.

Өнертапқыштың қиялынан шыққан насос арқылы ауа жіберіп, сумен жанатын құрылғыны транспорттарға орнатса барынша жанармайды үнемдеуге болады. Және бұл құрылғы арқылы жанармай тапшылығын жоя аламыз дейді.

Құрылғыны сынап көру мақсатында шығынды аз қажет ететін картон қағазынан жүк тасымалдайтын кеме құрастырып, тәжірибе жүзінде сынап көрді. Бұл құрылғыны жасау үшін өнертапқыш 6 айға жуық уақытын сарп етті.

Ерсұлтанның ендігі мақсаты – қолданыс аясын кеңейтіп, техникалық транспортта қызмет көрсетуде қолжетімді ету.

Бұл технология жаппай қолданысқа енсе, еліміздің әлеуметтік, экономикалық және экологиялық ахуалына оң ықпал етері сөзсіз. Өнертапқыш оқушының жетекшісі Бейсенбаев Нұрлан.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы