- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Skype
- Telegram
Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсен Тәжібаев Сарыағаш ауданына іс-сапармен барды. Бірінші кезекте білім бөлімінің м.а. Дәулет Акатовпен кездесіп, аудан әкімі Арман Абдуллаевпен аудандағы құрылыс жұмыстарын қажет ететін бірнеше нысанды аралап, мәселені шешу жолдарын саралады.
2022-2023 оқу жылында елімізде білім беру саласы бойынша өзекті 8 мәселе кеңінен қаралған болатын. Атап айтар болсақ, Сарыағаш ауданы адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты жалпы білім беретін мектептердің қатты отыннан табиғи газға өтетін мектептер, үш ауысымға өту қаупі бар мектептер, күрделі жөндеуге ЖСҚ дайындауға қаржы қажет мектептер, 2023-2027 жылдарға арналған жоспарға сәйкес құрылысы жүргізілетін мектептер, күрделі жөндеуге ЖСҚ-ға қайта түзетуге қаржы қажет мектептер, апатты білім беру мекемелері, қосымша энергиямен қамтамасыз ететін генераторлары бар мектептер, аудандағы білім беру ұйымдарындағы ішкі әжетханалары жоқ мектептермен танысып қайтты.
Сарыағаш ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің ғимараты 1958 жылы мектеп-интернаты ретінде пайдалануға берілген. 2003 жылдан бері бөлімге тапсырылған. Аталған ғимараттың тозығы жетіп, апатты деп танылған. Бөлімде мемлекеттік қызметкерлер, орталықтандырылған есеп бөлімінің қызметкерлері және әдістемелік кабинеттің әдіскерлерін қоса есептегенде 80-ге жуық адам жұмыс істейді. Сондықтан білімге жауапты бөлімге талапқа сай ғимарат қажет. Облыс әкімінің орынбасары бұл мәселе бақылауға алынатынын, заң аясында тиісті шешім қабылданатынын айтты.
«№3 М.Ломоносов атындағы жалпы орта мектебінде де өзекті мәселе бар. 1984 жылы пайдалануға берілген мектепте екі ауысымда 2076 оқушы білім алуда. Оқу ғимартында электр жүйесінің тозығы жеткен, ғимараттың ішкі қабырғалары, едендері күрделі жөндеуді қажет етеді. Осыған байланысты жобалық-сметалық құжаты әзірленгенімен құрылысқа қаржы бөлінбеген.