ТҮРКІСТАН: АСТЫҚ ПЕН ДӘНДІ ДАҚЫЛДАРДЫ ИМПОРТТАУ-ЭКСПОРТТАУ КЕЗІНДЕ ТІЖ-ЫН РӘСІМДЕУ МІНДЕТТІ

42 көрілім

2020 жылдың 31 желтоқсанынан бастап ЕАЭО елдерінен тауарларды әкелу және әкету кезінде тауарларға ілеспе құжаттар (ТІЖ) енгізу жөніндегі пилоттық жоба іске қосылған еді.

Жүргізіліп жатқан пилоттық жобаның оң нәтижелерін ескере отырып, 2023 жылғы 10 ақпаннан бастап астық пен дәнді дақылдардың жекелеген түрлерін импорттау және экспорттау кезінде міндетті ТІЖ-ын рәсімдеу енгізілді. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің ЕАЭО шеңберінде ҚҚС әкімшілендіру басқармасының басшысы Ақмырза Табылдиев айтты.

Оның сөзінше, сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар үшін Еуразиялық экономикалық елдерімен тауарлардың экспорты мен импорты кезінде тауарларға ілеспе жүкқұжаттар рәсімдеу қажет. Сондай-ақ, бұл электрондық нысанда рәсімделеді.

Брифинг барысында Ақмырза Елшібекұлы ТІЖ рәсімдеудің артықшылықтарына тоқталды.

– Еуразиялық экономикалық одақ елдерімен шекараны кескенге дейін ТІЖ-ын рәсімдеу қажет. Оның артықшылықтарының бірі, автокөлік өткізу пункттерінде құжаттарды сканерлеудің қажеті жоқ. Бұл ЕАЭО елдерімен шекарадан өту процесін жеделдетеді. Сондай-ақ, ҚР аумағына тауарлар импорты мен экспорты бойынша пилот осы жылдың 1 сәуіріне дейінгі мерзімге бекітілді, – деді басқарма басшысы.

Ал басқа тауарлық позициялар бойынша ТІЖ-ын міндетті рәсімдеу пилоттық жоба аяқталғаннан кейін, биыл 1 сәуірден бастап күшіне енеді. Бұл ретте ЕАЭО елдерімен өзара сауда қатынасында экспорттық-импорттық операцияларды жүзеге асыру кезінде ТІЖ-ын міндеті түрде рәсімдеудің мерзімдері кейінге қалдырылмайды.

Сонымен қатар, ТІЖ-ын міндетті рәсімдеу күшіне енгеннен кейін, ТІЖ ұсынбағаны және ТІЖ-да мәліметтердің сәйкес келмегені үшін әкімшілік жауапкершілік көзделген.

Айта кетейік, ТІЖ ұсынбау не уақытылы ұсынбау, тауарларға арналған ілеспе жүкқұжатта тауарлар атауының сәйкес келмеуі, олардың санын (көлемін) анық көрсетпегені үшін кәсіпкерлік субъектілеріне қарай 5 пен 30 АЕК көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады.

Еске сала кетейік, сұрақтар туындаған жағдайда ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті колл-орталығының 1414 немесе 87017071411 байланыс нөміріне хабарласуға болады. Сондай-ақ, телеграм канал @снт_импорт-экспорт қосылу мүмкіндігі бар.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары