ЖЕҢІЛДЕТІЛГЕН 4%-ДЫҚ АВТОНЕСИЕ АЛУДЫҢ ТӘРТІБІ ҚАЙТА ҚАРАЛМАҚ

51 көрілім

Қаңтар айының соңына дейін жеңілдетілген автонесие бағдарламасы қайта іске қосылады. Бұл жолы автонесие алуға өтініш беру тәртібі өзгеруі мүмкін.

Бүгін Үкімет отырысында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев жеңілдетілген автонесие бағдарламасындағы өзгерістер жайлы мәлім етті. Оның айтуынша, осы аптада Өнеркәсіпті дамыту қоры арнайы брифинг өткізіп, толық мағлұмат береді.

«Бағдарламаның тетігі қайта қаралады. Бұған дейін адамдар алдымен автосалондарға барып, содан кейін банкке жүгінетін. Енді Өнеркәсіпті дамыту қорының жаңа механизмі бойынша алдымен Өнеркәсіпті дамыту қорына жүгіну керек. Онда электронды кезек болады, содан кейін автосалонға бару қажет. Ал автосалондар олармен келісілген белгілі бір мерзімде көлікті ұсынады», – деді М. Қарабаев.

Айта кетейік, берілетін несие сомасы 10 миллион теңгеге дейін болуы тиіс. Автокөліктің құны 15 миллион теңгеден аспауы керек.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары