КЕЛЕС: МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ БОЙЫНША ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ ӨТТІ

464 көрілім

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің бастамасымен мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша азаматтарды қоғамдық қабылдаулар өткізу ұсынылған болатын.

Осыған орай, аудан орталығы Абай ауылындағы «Халықтық кеңсе» ғимаратында Келес ауданы әкімдігіне қарасты мемлекеттік мекемелерде көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын, қолжетімділігі мен танымалдылығын арттыру мақсатында азаматтарды қоғамдық қабылдау өткізілді.

Қоғамдық қабылдауға қатысқан азаматтар өздерін толғандырған сауалдарына жауап алды. Атап айтқанда тұрғын үй кезегіне тұру, «Дипломмен ауылға» бағдарламасына қатысу, сонымен қатар жер учаскелерінің нысаналы мақсатын өзгерту бағытындағы сұрақтар қойылып, аудан әкімдігіне қарасты дербес бөлімдерден келген жауапты мамандар тарапы әр тұрғынның сұрақтарын жауапсыз қалдырмады. Сонымен қатар, қабылдау барысында азаматтарға мемлекеттік қызметтерді электронды түрде алудың ыңғайлы жолдары түсіндіріліп, консультациялық кеңестер берілді.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы