ТҮРКІСТАН:”NEXIA МАРКАСЫ” ЗАҢДАСТЫРУ БАРЫСЫНДА КӨПТЕП ТІРКЕЛУДЕ

385 көрілім

Түркістан облысында ресейлік нөмір таққан Nexia маркалы көліктер көп тіркеліп жатыр.

Шетелдік көліктерді заңдастыру шарасы басталған алғашқы күні Түркістан облысындағы мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығына 150-ге жуық азамат өтініш берген. Бірінші күні 9 азамат көлігін тексеруден өткізіп, құжат алды.

Алғашқы болып көлігін тіркеген азаматтың бірі – Түркістан қаласының тұрғыны Оңғар Әлиев. Ол 1,5 жыл алдын Ресейден әкелген Nexia маркалы автокөлігін небары 2 сағат ішінде толық тексеруден өткізіп, қазақстандық нөмір алды. Көлік жүргізушісі Мемлекет басшысының осындай қолайлы жағдай жасағанына, халықты қолдағанына алғысын жеткізді.

Айта кетейік, Түркістан облысында шетелдік көліктерді заңдастыру 5 жерде жүргізіліп жатыр. Атап айтар болсақ, Түркістан қаласында және Мақтаарал, Ордабасы, Сайрам, Сарыағаш аудандарындағы мамандандырылған ХҚО-да өтініштер қабылданады.

Сонымен қатар, Түркістан облысы бойынша +7 (72533) 5 86 37 call-орталық қоңырауларды қабылдайды.

Аталған акцияға Қазақстанға 2022 жылдың 1 қыркүйегіне дейін әкелінген көлік қатыса алады. Бұдан бөлек, көлік іздеуде болмауы қажет, басқа мемлекетте бұрынғы тіркелген жері бойынша есептен шығарылған болуы тиіс, сондай-ақ кедендік тазартудан өтуі керек.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы