Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа арнаған Жолдауында шетелден әкелінген көліктерді елімізде заңдастыру қажеттігін тапсырған болатын. Осыған орай бүгіннен бастап тіркеу акциясы басталды. Ол республика көлемінде барлық мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарында жүргізілуде.

Бір реттік акцияның алғашқы күнінде Түркістан облысында талапқа сай келген 9 көлік барлық тексеруден өтіп, мемлекеттік нөмір алды.

Бұл акцияға Қазақстанға 2022 жылдың 1 қыркүйегіне дейін әкелінген көлік қатыса алады. Бұдан бөлек, көлік іздеуде болмауы қажет, басқа мемлекетте бұрынғы тіркелген жері бойынша есептен шығарылған болуы тиіс, сондай-ақ кедендік тазартудан өтуі керек.
Айта кетсек, аталған науқанда көлік иелеріне толыққанды түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, тәртіп сақшылары өңірдегі мамандандырылған ХҚКО-да қызмет көрсетуде.
Сонымен қатар, Түркістан облысы бойынша +7 (72533) 5 86 37 қоңырау шалу орталықтары жұмыс жасап тұр.
