КЕЛЕС: ЖЫЛЫЖАЙЛАРҒА ҚОЛДАУ КҮШЕЙТІЛЕДІ

371 көрілім

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды жылу беру маусымында орын алған жайттарға байланысты өңірдегі барлық аудан, қала әкімдеріне аталған кемшіліктерді шұғыл жоюды тапсырған болатын. Биылғы қаңтар елге ғана емес, шаруа қожалықтарына да біршама жайсыздықтарды ала келді. Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес апта басынан бері шұғыл іс-шаралар қолға алынды.

Әуелі өңірдегі жылыжайлардың жағдайы зерделенді. Нәтижесінде 1058 агроқұрылымда 200,8 мың тонна көмір тапшылығы анықталған. Бұл жалпы 591,0 гектарды құрайтын аумақ.

Екінші, бұған дейін «Қазақстан темір жолы» АҚ-ы арқылы 186,7 мың тонна көмір отыны облысқа жеткізілген. Соңғы мәлімет бойынша Түркістан облысында 47 вагон көмір бар. Түркістан қаласында 20 вагон, қалғаны Арыс, Сарыағаш және Төлеби ауданына жөнелтілді. Бірер күнде тағы 172 вагон қатты отын жеткізіледі.

Үшінші, жалпы жылыжайлардың шығыны анықталуда. Түркістан облысындағы үсік шалған жылыжайдың 94%-ы фермерлік, яғни қолдан жасалған жеңіл конструкциялы екені белгілі болды. Оның ішінде 167 тауар өндірушінің 36 гектар жылыжайы қар салмағын көтере алмай жарамсыз күйге түскен. Түркістандық біраз кәсіпкер қаржылық шығынға ұшырады. Олардың нақты саны әлі де нақтыланады.

Төртінші, әкімдік тарапынан тауар өндірушілердің мүлкіне келтірілген нұқсан жөнінде акті ұсынылған жағдайда қаржы ұйымдары алдындағы берешектерінің (несие) өтеу мерзімдерін 1 жыл мерзімге кейінге шегеру жөнінде ұсыныстар жолданады. Сондай-ақ, жұмысты қайта жандандыру, қалпына келтіру жоспары әзірленуде.

Еске сала кетейік, жылыжай шаруашылықтарын қарқынды дамытуда Түркістан облысы еліміздің алдынғы қатарлы өңірі. Республикадағы жылыжайлардың 71% Түркістан облысының үлесінде. Оның жалпы көлемі 1569 гектар.

Облыс әкімі Дархан Сатыбалды бұл салаға қолдауды күшейтіп, жаңа жобалардың жүзеге асуын толық бақылауында ұстап отыр.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы