СОЗАҚ: МЕДИЦИНА САЛАСЫНЫҢ АРДАГЕРІНЕ “ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТ” ТӨСБЕЛГІСІ ТАБЫСТАЛДЫ

377 көрілім

Аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков денсаулық сақтау саласында ұзақ жылдар бойы қызмет еткен Түзелбек Абжанов мырзаға «Созақ ауданының Құрметті азаматы» төсбелгісін табыстады.

–Саналы ғұмырыңызда елімізде медицина саласында ұзақ жылдар бойы қызмет етіп, өз жұмысыңызға адал, сапалы, кәсіби шеберлікпен және жауаптылықпен орындаған білікті маман ретінде танылдыңыз. Қаратау, Тасты ауруханасында бас дәрігер, Құмкент, Жартытөбе ауруханасында балалар дәрігері және аудандық аураханада аналар мен балаларды қорғау жөнінде бас дәрігердің орынбасары болып жұмыс жасадыңыз. Еткен еңбек, төккен теріңіз бағаланып, облыстық денсаулық сақтау департаментінің грамотасымен, бірнеше рет облыстық Қызыл крест қоғамының грамотасы, «Ебек ардагері» төсбелгісімен марапатталдыңыз. Бүгінде 3 қыз, 3 ұл өсіріп 23 немере, 13 шөбере тәрбиелеп отырған Сіздей ардақты ардегерге қандай атақ берсекте жарасады деді, – аудан басшысы жиын барысында.

Сонымен қатар, Түзелбек Абжанов алдыңғы жолғы марапат рәсіміне денсаулығына байланысты келе алмағанын айтып, аудан басшысына алғысын білдірді.

Аталған жиынға аудан әкімінің орынбасары, аппарат басшысы, бірқатар бөлім басшылары мен мамандар қатысты.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы