ТҮРКІСТАН: ТІЗЕ БУЫНЫН ЕМДЕУДІҢ ЖАҢА ТӘСІЛДЕРІН ОЙЛАП ТАПТЫ

512 көрілім

Түркістан облыстық клиникалық ауруханасының ортопедия бөлімшесінде «Тізе буынының эндопротезінің заманауи импланттары» тақырыбында мастер-класс өткізілді. Онда буынының жаңа «XN» импланты таныстырылды. Бұл эндопротездің ерекшелігі – тізе буынының эндопротездерінің алдыңғы нұсқаларының кемшіліктері аясында ойлап табылған. Импланттың бұл түрі эндопротезді орнатуға арналған заманауи әрі жетілдірілген нұсқасы болып табылады. Сондықтан, бұл әдіс операция уақытын қысқартуға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ, МӘМС аясында қосалқы патологиялары бар, паркинсон ауруының ауыр түрімен ауыратын 63 жастағы пациенттің тізе буынын қазіргі заманғы имплантқа ауыстыру операциясы жүргізілді. М.Ғ.Д., Мәскеу қалалық РУДН кафедрасының профессоры Д.Римашевскийдің қатысуымен буынға жаңа «XN» имплантын орната отырып, артроздан зардап шеккен тізе буынын ауыстыру операциясы жүргізілді. Ота сәтті аяқталды.

Болашақта Түркістан облыстық клиникалық ауруханасының ортопедия бөлімшесі ірі буындардың жаңа импланттарын енгізуді және осы тәсілді кеңінен қолдануды жоспарлап отыр.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы