ПРЕЗИДЕНТТІК ЖАСТАР КАДРЛЫҚ РЕЗЕРВІНЕ КЕЗЕКТІ ІРІКТЕУ БАСТАЛАДЫ

56 көрілім

Биыл президенттік жастар кадрлық резервіне кезекті іріктеу жүргізіледі. Бұл туралы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Дархан Жазықбаев айтты.

«Биыл президенттік жастар кадрлық резервіне кезекті іріктеу жүргіземіз. Резервшілерді жұмысқа орналастыру барысында түрлі қиындықтармен бетпе-бет келетіндігімізді мойындау қажет. Кейбір мемлекеттік органдарға 10 резервші тағайындалса, енді бір органда бірде-бір резервші тағайындалмаған. Әлеуметтік маңызы бар денсаулық сақтау, энергетика, білім беру сынды салалардағы резервшілердің саны тым аз», – деді Дархан Жазықбаев елордада өткен брифинг барысында.

Мәліметтерге сүйенсек, кадр резервін іріктеу барысында салалық топтар нақты жіктеледі. Кандидаттармен әңгімелесу салалық мемлекеттік органдардың өкілдерінің және мамандардың қатысуы міндетті болады.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары