ПРЕЗИДЕНТ ЖУРНАЛИСТЕРГЕ БАҒЫТТАЛҒАН ҚЫЛМЫСТЫ МҰҚИЯТ ТЕРГЕУДІ ТАПСЫРДЫ

562 көрілім

Президент құқық қорғау органдарына журналистерге қарсы бағытталған бірқатар қылмыс бойынша мұқият тергеу жүргізуді тапсырды.

Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай Facebook парақшасында жариялады.

«Қоғамдық қауіпсіздік пен мемлекеттің беделіне нұқсан келтіру үшін жасалған бұл заңсыз әрекеттердің орындаушылары ғана емес, тапсырыс берушілері де анықталуға тиіс», – деп жазды ол.

Еске сала кетейік, 14 қаңтарда белгісіз біреулер журналист Динара Егеубаеваның көлігін өртеп жіберді. 15 қаңтарда полиция бұл іске қатысы бар бес адамды тұтқындады.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы