КЕЛЕС: “АҢЫЗ БЕН АҚИҚАТ АРАСЫ” КІТАБЫНЫҢ ЕКІНШІСІ ЖАРЫҚ КӨРДІ

413 көрілім

Бұл туралы Келес ауданының құрметті азаматы, журналист Оңғар Исаев әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеді. Жазушының айтуынша, аталған кітап 2023 жылдың алғашқы айында «Тоғанай Т» баспасынан басылып шығарылған.

– Кітапта әлем тарихшыларына ежелден белгілі, Келес даласының атын жаңғыртып келе жатқан, Келес ауданының аумағында осы уақытқа дейін елеусіз болып келген, Қазақ тарихына қатысы бар ерекше орындар мен кейбір ру, тайпалардың бізге белгісіз болып келген шежіре мәліметтері көпшілік назарына ұсынылған. «Алқакөлдің «Алқакөл сұлама» аталғанына 300 жыл», «Келес құйғанындағы әпсаналар», «Ақбура әулиенің Келес ауданындағы орыны», «Сіргелі,Үшатадан шыққан Қожаберген батыр» деген сияқты зерттеу мақалалар мен «Алқакөл суреттері», «Келес даласы сыры ашылмаған тұнып тұрған тарих», «Сырдарияның астынан өтетін тунел жол болған» деп аталған фотосуреттер топтамасы ешкімді де енжар қалдырмайды, – дейді жазушы.

Сонымен қатар, кітап беттерінде басқа да өлеңдер мен жырларға және естеліктерге орын берілген. «Жақсының жақсылығын айт,нұры тасысын» деген тақырыппен жүзге жуық кісілердің суреттері мен өмірбаяндары жарияланған.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы