Бүгін аудан әкімі Арман Абдуллаев пен энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының орынбасары Бақытжан Полатбеков теміржол тұйықтарына арнайы барып, қатты отынның жеткізілу барысын танысты. Темір жол тұйықтарының жауапты тұлғалары аудан басшысына көмірдің жеткізілу мен тасымалдау барысын баяндады.

Аудан аумағында орналасқан теміржол тұйықтарына қатты отын «Азамат Мұнай» ЖШС, «Санас» ЖШС, «Hermes» ЖШС мекемелері арқылы жеткізіледі. Сондай-ақ, бүгінде шаруалардың қатты отынға деген сұраныстарын елеусіз қалдырмау мақсатында салалық басқарма мен аудан әкімдігі тарапынан бірқатар жұмыстар жүргізілуде.
Сонымен қатар, аудан басшысы ауданның бірқатар шаруаларымен теміржол тұйығының басында кездесіп, жылыжайларға қатты отынның жеткізілуі бойынша ұсыныстарын тыңдады.

Аудан басшысы Арман Айдарұлы аудан аумағындағы шаруалардың ұсыныстарына сәйкес қатты отынның берілуін қадағалау, көмір тасымалдайтын вагондардың санын көбейту мәселелері бойынша салалық басқармамен біргелікте тиісті жұмыстар жүргізіліп, өзінің тікелей бақылауында болатынын жеткізді.
