ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИ АУДАНЫНА КЕЛГЕН ТУРИСТТЕР САНЫ 34 МЫҢНАН АСТЫ

365 көрілім

Туризм – экономика дамуының алтын тетігі. Қазіргі таңда туризм бағытында Төлеби ауданында 76 нысан жұмыс жасап жатыр. Олар: бір шаңғы базасы, 4 емдік-сауықтыру орны, 71 демалыс аймағы, 64 саяжай. Бүгінгі күнге дейін ауданға 34552 демалушы келген. Жалпы көрсетілген қызмет құны 662 млн. 416,0 мың тенгені құрайды.

Ауданның демалыс орындары тұрғындарға жыл мезгілдеріне орай тауда тынығу, атта серуендеу, шаңғы тебу, сырғанау секілді қызмет түрлерін ұсынады. Қыс мезгілінде таудың әсемдігін тамашалап, таза ауамен тыныстап, шаңғы тебу үшін «Тау Самалы» демалыс аймағының «Алатау» тау шаңғы базасы, «Алма-тау» тау курорты қызмет көрсетеді. Ал, емделушілерге «Біркөлік» санаториясы, «Дихан Тау» саумалмен сауықтыру орталығы жұмыс жасауда. Балық аулауға арналған «Сақ» демалыс аймағындағы 3 көлде карп пен форель балықтары өсірілуде.

Сонымен қатар, тау туризмін дамыту мақсатында «Қасқасу туристік-рекреациялық кешенінің» құрылысы жүріп жатыр. Кешен іске қосылғанда туристер саны едәуір артады деп күтілуде.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы