Қазығұрт ауданына қарасты Жаңабазар ауылдық округінде, жеке кәсіпкер Шыңғыс Мейірқұлов эко теріден аяқ киім тігетін “Qazygurt shoes” кішігірім фабрикасын ашқан. Бүгінде жеке кәсіпкер ересек адамдарға әртүрлі мезгілге арналған аяқ киім өнімін шығарады. Шыңғыс Мейірқұловтың айтуынша, бұл кәсіп ұлттық жоба аясында берілетін қайтарымсыз грант есебінен дөңгелегіп отыр.

Күніне 5-6 аяқ киімге дейін тігетін болса, шыққан өнімді ғаламтордағы дүкендер арқылы сатып жатқан көрінеді. Дегенмен қазір, қол астында жұмысшылары жоқ. Кәсіпкер алдағы уақытта кәсібін кеңейтуді көздеп отыр.
