ПРЕЗИДЕНТ МӘЖІЛІСТІ ТАРАТУ ЖӘНЕ МӘЖІЛІС ДЕПУТАТТАРЫНЫҢ КЕЗЕКТЕН ТЫС САЙЛАУЫ ТУРАЛЫ ЖАРЛЫҚҚА ҚОЛ ҚОЙДЫ

246 көрілім
  1. Жетінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі таратылсын.
  2. Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауы 2023 жылғы 19 наурызға тағайындалсын.
  3. Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауына дайындықты және оны өткізуді ұйымдастырсын.
  4. Қазақстан Республикасының Үкіметі, Астана, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдері Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауын ұйымдастырушылық, материалдық-техникалық және қаржылық қамтамасыз ету жөніндегі барлық қажетті шараларды кідіріссіз қабылдасын.
  5. Осы Жарлық жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
    Қазақстан Республикасының
    Президенті Қ.Тоқаев
    Астана, Ақорда, 2023 жылғы 19 қаңтар № 104

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы