ТЕАТР ПРЕМЬЕРАСЫНДА ЖАС ӘРТІСТЕР ӨНЕР КӨРСЕТЕДІ

352 көрілім

Түркістан музыкалық драма театры” 21-22 қаңтар күндері «Шинель» спектаклінің премьерасын көрерменге ұсынады.  Бұл қойылымның ерекшелігі барлық рольдерді  Түркістан музыкалық драма театрының  жас актерлары ойнайды. 

Н.Гогольдің «Шинель» повесі бойынша қойылатын шығарманың инсценировкасын жасаған әрі қоюшы режиссері – Фархат Молдағали. Ол – бірнеше халықаралық фестивальдің жүлдесіне ие болған талантты режиссер. Бұған дейін ол театр репертуарындағы «Фариза» қойылымын сәтті сахналаған болатын.

Спектакльде «елеусіз шенеуніктің» образы арқылы қоғамдағы әлеуметтік теңсіздікті көрсетеді. Басты кейіпкер – Башмачкин өмірінің соңына дейін тіршілік үшін күреседі. Оны кедейлік пен өзгермейтін бірқалыпты тіршілігі әбден шаршатады. Айналасы оның адам сияқты өмір сүруіне мүмкіндік бермейді. Мазақтайды, қорлайды, намысын таптайды. Бірақ ол қарсылықсыз соның бәріне көнеді. Адамдардың әлеуметтік деңгейі мінез мен қабілетке де байланысты болатынын «әлсіз шенеунік» аңғармайды.

Сонымен қатар, ескі шинелін жаңасына айырбастағанда, көрген қорлығы мен адамдардың озбырлығынан «әлсіз шенеунік» алғаш рет бас көтеріп, «маңызды тұлғаға» шағымданады. Қатігез қоғамның тегеурініне шыдамаған оның тағдыры өліммен аяқталады. Әрі қарай фантастикамен жалғасатын спектакль көрерменге көп ой салады, дейді шығармашылық топ өкілдері.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы