СОҢҒЫ ҚОҢЫРАУ МЕРЕКЕСІ 1 МАУСЫМҒА ӨЗГЕРТІЛДІ

424 көрілім

Оқушылар соңғы қоңырау мерекесін енді 1 маусымда атап өтеді. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігі Орта білім комитетінің төрағасы Гүлмира Кәрімова мәлімдеме жасады.

«Барлық қазақстандық мектептеде оқу жылының ұзақтылығы 36 аптаны құрайды. Дәстүр бойынша, оқу жылының бірінші күні – 1 қыркүйек болып табылады. Ал енді биылдан бастап соңғы күні 31 мамыр күні болады», – деді Гүлмира Кәрімова.

31 мамыр, бұл – оқу күні. Бұл күні оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес сабақтармен қатар сабақтан тыс іс-шаралар өткізіледі.

«1 маусым – жазғы каникулдың алғашқы күні. Сонымен қатар, бұл Халықаралық балаларды қорғау күнімен қоса мектептерде соңғы қоңырау мерекелері өткізіледі», – деді Гүлмира Кәрімова

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы