КЕНТАУДА КІТАПХАНАҒА КЕЛУШІ ОҚЫРМАНДАР САНЫ КӨБЕЙДІ

663 көрілім

Кентау қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінде 10 кітапхана жұмыс істейді. Оның 4-і ауылдық жерлерде, 6 кітапхана қала аумағында орналасқан. Өткен жылы кітапханадан кітап алушы саны –167819 болса, келушілер саны – 84889-ды құраған. Оқырмандардың ішінде 15 жасқа дейін – 30%, жастар – 42%, әртүрлі жастағы – 28% құрайды.

Кітапхананың міндеті кітапты насихаттай отырып, жас буынның тарихымызға деген ұлттық көзқарасын қалыптастыру, жас ұрпақты отанды сүюге тәрбиелеу және үнемі ақпараттық ресурстармен қамтамасыз ету болып саналады. Кентау қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі бойынша кітап қоры 291158 құрайды. Кітапханалар жүйесінің жалпы кітап қоры отандық және әлемдік классикалық туындылармен, қазіргі заманғы жазушылардың кітаптарымен, мерзімді басылымдармен толықтырылған.

Асыл қазына – кітапты насихаттау және қала тұрғындарын кітап оқуға тарту мақсатында кітапхана қаладағы этносаралық қатынастарды нығайту, этносаралық мәдениетті өзара байыту жолында ұлттық мәдени орталықтармен бірлесе отырып көптеген достық кештерін ұйымдастырып келеді. Сонымен қатар, оқырмандар қызығушылығына байланысты 13 мүдделес клубы жұмыс істейді.

«Қалалық мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған арнайы №6 кітапхана-филиалы республикалық, облыстық байқаулардың жеңімпазы атанып, жүлделі орындар алып келеді. Қалалық кітапхананың бір ерекшелігі кітапханада немесе басқа ғимараттарда өтетін қызықты іс-шаралардың басым көпшілігі оқырмандар тарапынан ұсынылған бойынша өткізіліп отырады», дейді кітапхана басшысы Г.Кокулова.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы