БІРҚАТАР МИНИСТРЛІККЕ ҚОСЫМША ҚҰЗЫРЕТТІЛІК БЕРІЛУІ МҮМКІН

556 көрілім

6 министрлікке қосымша құзырет берілуі мүмкін. Бұл туралы «Ашық» НҚА порталында жарияланған «ҚР Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы» Үкімет қаулысында жазылған. Қаулы 1 ақпанға дейін көпшілік талқылауда болады.

Құжатқа сәйкес, енді ведомстволарға мынадай қосымша құзырет берілмек:

Қаржы министрлігіне:

– әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы уәкілетті орган айқындайтын бірыңғай төлемді төлеу, аудару және бөлу, сондай-ақ қайтару тәртібін келісу.

Мәдениет және спорт министрлігіне:

– жастарды мәдени ағартуды және олардың бос уақытын ұйымдастыруға бағытталған шаралар кешенін жүзеге асыру;

– мәдениет мәселелері жөніндегі жастар бастамаларын қолдауға бағытталған мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыруды, оның іске асырылу мониторингін және нәтижелерін бағалауды жүзеге асыру.

Денсаулық сақтау министрлігіне:

– әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы уәкілетті орган айқындайтын бірыңғай төлемді төлеу, аудару және бөлу, сондай-ақ қайтару тәртібін келісу.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне:

– шетелдіктердің Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат алуы үшін сұранысқа ие кәсіптердің тізбесін және оны қалыптастыру тәртібін бекіту;

– жастарды жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыруды, оның іске асырылу мониторингін және нәтижелерін бағалауды жүзеге асыру;

– уақытша бос жүрген жастарды жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу.

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне:

– жастармен жұмыс жөніндегі мамандардың үлгілік біліктілік сипаттамаларын әзірлеу және еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен келісу бойынша бекіту;

– жастар еңбек жасақтарын құру, ұйымдастыру, қамтамасыз ету, сондай-ақ олардың қызметіне мониторинг жүргізу қағидаларын әзірлеу және еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен келісу бойынша бекіту;

– жастардың даму индексін енгізу мен қолдану қағидаларын әзірлеу және бекіту;

– жастар арасында этносаралық келісім мен толеранттылықты нығайту жөнінде түсіндіру жұмысын жүзеге асыру.

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне:

– әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы уәкілетті орган айқындайтын бірыңғай төлемді төлеу, аудару және бөлу, сондай-ақ қайтару тәртібін келісу.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы