САРЫАҒАШ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ АРДАГЕРЛЕРДІҢ АҚ БАТАСЫН АЛДЫ

636 көрілім

Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев өзінің алғашқы кездесуін аудан ардагерлерімен кездесіп, олардың талап-тілегімен танысты.

– Әрдайым қартын сыйлаған ел бақытты. Сондықтан, ауданға әкім болып тағайындалғаннан кейін алғашқы кездесуімді Сіздермен дидарласып, ақыл-кеңестеріңізді тыңдаудан бастағанды жөн көрдім. Бұл ауданның өсіп-өркендеуі қарқынды екенін білемін. Сондықтан іргелі ауданды дамыту бағытында жұмыстарды өздеріңізбен бірлесе отырып атқаратын боламыз.

Бұл істе ардагерлер әркез қолдау білдіреді деген сенімдемін. Әрбір айтқан ұсыныс-пікірлеріңізді біздің болашақта жасалатын жұмыстарға бағыт-бағдар ретінде қабылдайтын боламыз, – деді аудан басшысы.

Кездесу барысында аудан ардагерлері қала аумағынан мазаратқа жер беру, этномәдени бірлестіктермен жүйелі жұмыстар жүргізу және тағы да басқа ұсыныс-пікірлерін ортаға салды. Сонымен қатар, ардагерлер аудан басшысының алдағы жұмысына сәттілік тілеп, ақ батасын берді.

Жиын соңында, аудан басшысы алдағы уақытта айтылған ұсыныс-пікірлердің барлығы ескеріліп, шешілу жолдары қарастыралатындығын, билік пен қоғам бірлесе жұмыс жүргізсе айтарлықтай нәтижеге жетуге болатынын атап өтті.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы