ТҮРКІСТАНДА «ӘЗІЛ BATTLE» ҮЗДІК ЖАЙДАРМАНШЫЛАР САЙЫСЫ ӨТТІ

520 көрілім

Түркістан қаласындағы «Оқушылар сарайында» жайдарманшылар арасында «Әзіл BATTLE TURKESTAN» өнер жарысы өтті.

Сайысқа «Абырой», «Жаңақорған», ХҚТУ құрамалары, Түркістан блогерлері, «Азарт» сериалының актерлары мен «Оқушылар сарайы» жайдарман академиясынан өнерпаздар қатысты.

«Бүгін бізде өте керемет күн. Бар жанарды жаулаған «Әзіл BATTLE» сайысында өнер көрсететін елімізге танымал әзіл әлемінің өкілдері көрерменге көтеріңкі көңіл күй сылады. Сонымен бірге, әзіл арқылы әсерлі ой тастап, жас жеткіншектердің шығармашылығын шыңдауға, шабыттандыруға себеп болды. Бұл – біздің ұжымның да негізгі мақсаты. Сондықтан «Оқушылар сарайының» сахнасына көтерілген әрбір өнерпаз бен көрермендерге алғыс айтамын», – деді «Оқушылар сарайының» директоры Индира Икапова.

Жайдарман ойынында ақын, «Алтын домбыра» иегері Бекарыс Шойбеков, айтыскер ақын Тұрар Тлеулиев, жайдарман ойындарының ардагері Жанболат Досболов қазылық етіп, төрелігін айтты. Сайыстың соңында «Абырой» командасы бас жүлдені жеңіп алды.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы