Бокстан 22 жасқа дейінгі жастар арасында Азия чемпионатында қазақстандық ер спортшылардың алғашқы қарсыласы анықталды.
Құрлықтық дода Таиланд астанасы Бангкок қаласында өткізіліп жатыр.
Қазақстандық боксшылар алғашқы жекпе-жегін Қырғызстан, Таиланд, Малайзия, Өзбекстан, Тәжікстан, Камбоджа, Кувейт елінен келген былғары қолғап шеберлерімен өткізеді.
Қазақстандық боксшылардың қарсыластары:
48 келі. Санжар Тәшкенбай – Анваржан Ходжиев (Қырғызстан)
51 келі. Даниял Сәбит – Саенгфет Танарат (Таиланд)
54 келі. Нұрсұлтан Алтынбек – Ахмед Шахаром Мухаммед Имдад (Малайзия)
57 келі. Махмуд Сабырхан – Мирзабек Мирзахалилов (Өзбекстан)
60 келі. Талғат Сырымбетов – Ян Мин (Қытай) / Абубакр Муродзода (Тәжікстан)
63,5 келі. Мухаммедсабыр Базарбайұлы – Роекпиджит Суфароек (Таиланд)
67 келі. Абзал Серік – Пенх Вантхунг (Камбоджа)
71 келі. Сабыржан Аққалыков – Сальман Аль-Шаммари (Кувейт)
75 келі. Диас Молжігітов – Даниэль Абдрахманов (Қырғызстан)
80 келі. Ерасыл Жакпеков – Бекбол Мурасбеков (Қырғызстан)
86 келі. Сағындық Тоғамбай – Шохжахон Абдуллаев (Өзбекстан)
92 келі. Ерхат Бекзат – Нусратбек Тохиров (Өзбекстан) / Асхан Резибек (Қытай)
92 келіден жоғары. Аманат Сабырғали – Асадбек Маннонов (Тәжікстан) / Джахонгир Зокиров (Өзбекстан).
Еске салсақ, бұдан бұрын Қазақстан қатысатын бокстан жастар арасындағы Азия чемпионатының кестесі белгілі болған еді.