МАҚТААРАЛДА ТАЙҒАҚҚА ҚАРСЫ 8 ТОННА ТҰЗ, 42 ТОННА ҚҰМ ШАШЫЛДЫ

706 көрілім

Мақтаарал ауданында биылғы қыс ерекше қаттылығымен есте қалды. Соңғы 10 жылдықтарда жаумаған қар жауып, ауа-райы күндіздің өзінде – 20-дан төмен түсіп кетті.

Жалпы ауданымызда 554,4 шақырымды құрайтын 600-ден астам ішкі көшелер, 86,5 шақырымды құрайтын респбуликалық, 190,4 шақырымды құрайтын облыстық және 62,6 шақырымды құрайтын аудандық маңызы бар автомобиль жолдары бар.

Көп мөлшерде жауған қар және аязды ауа-райы автомобиль жолдарында көк мұздың қатуына себеп болды. Ауданымызда осы уақытқа дейін жолдарды қардан тазалауға және тайғаққа қарсы материалдар шашуға бюджеттен ешқандай қаржы қаралмаған. Сондай-ақ, бұған дейін қыс ауасының жұмсақ келуіне байланысты ауданымызда қар күрейтін немесе құм-тұз шашатын арнайы техникаларды сатып алу бастамасы қолдау таппаған.

Дегенмен, техникалардың жоқтығына қарамастан, аудан әкімінің тікелей тапсырмасымен, кенттер мен ауылдық округ әкімдерінің ұйымдастыруымен және демеушілердің есебінен трактор тіркемелері, погрузчиктер арқылы 313,67 км көше қардан тазаланып, халық көп шоғырланған орындар мен көлік кептелістері орын алатын орталық көшелерге, бағдаршамдар орналасқан жолдардың қиылысына, елдімекендердің ішкі көшелеріне 10-қаңтардан қазіргі таңға дейін 8 тонна тұз, 42 тонна құм шашу жұмыстары жүргізілді және бұл жұмыстар әлі де жалғасын табуда.

Жалпы қар тазалауға және тайғаққа қарсы материал шашуға МТЗ-80 маркалы 31 трактор, МТЗ-92 маркалы 11 трактор, МТЗ-95,2 маркалы 15 трактор, Беларусь 100-1 маркалы 3 трактор, Беларусь 95-3 маркалы 2 трактор тіркемелерімен бірге және 7 погрузшик жұмылдырылды.

Айта кетейік, облыстық және республикалық жолдарға иелік ететін мекемелерге аудан әкімінің орынбасары Бейсенбай Төребековтың қолымен №08/02-03/1481 санды хат жолданып, құм-тұз себу жұмыстарын жүргізу қажеттілігі сұралған. Қазіргі таңда республикалық, облыстық жолдарда да құм, тұз себу жұмыстары жүргізілуде.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы