СОЗАҚ: ДАУЫЛ САЛДАРЫНАН ҚҰЛАҒАН ЭЛЕКТР БАҒАНАЛАРЫ ТОЛЫҚ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРІЛДІ

544 көрілім

Созақ ауданының аумағында қар аралас жауын мен қатты дауыл салдарынан тау бөктеріндегі ауыл окруктер мен елді мекендерде электр бағаналары жартылай құлап, сымдары үзілді. Аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков шұғыл түрде зардап шеккен ауыл округтер мен елді мекендерді аралап, боран салдарын жою, электр желісін қалпына келтіру үшін әр ауыл округ бойынша жауыпты етіп тиісті бөлім, мекеме басшыларын бекітіп, арнайы тапсырмалар жүктеген болатын.

“Оңтүстік Жарық Транзит” ЖШС тарапынан өзге аудан, қалалардан арнайы бригадалар мен аудан әкімдігі қызметкерлері күшейтілген жұмыс тәртібіне көшіп, уақытпен санаспай жұмыс атқара білді. Аудан басшысы Мұхит Сексенбайұлы әр күні жұмыс басында болып, күнде кешкі сағат 21:00 де жауапты мамандармен жиын өткізіп, келелі күннің жоспарларын саралап отырды.

Сонымен қатар, аудан аумағындағы өндіріс орындары мен «ТорланСтрой» ЖШС арнайы техникалармен көмек берсе, бірқатар елді мекен тұрғындары арасынын ел ағалары мен ерікті жастар аталған жұмысқа ұйымшылдықпен жұмыла білді.

Бүгінгі таңда күшейтілген жұмыстар нәтижесінде, қалған Абай елді мекенінде құлаған электр бағаналары толықтай қалпына келтіріліп, электр жарығы берілді.

Осы орайда аудан тұрғындарына түсіністік пен сабырлық танытқаны үшін алғысымызды білдіреміз!

76Кайрат Карибаев, Бауыржан Абенулы и ещё 74

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы