КЕЛЕС: АУДАН БАСШЫСЫ ЖЕРГІЛІКТІ ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ПІКІРІН БІЛІП, ҰСЫНЫСТАРЫН ТЫҢДАДЫ

699 көрілім

Келес ауданының әкімі Жәнібек Ағыбаев, Келес аудандық мәслихатының хатшысы Арын Тотиков, Келес ауданы әкімінің орынбасары Сүлеймен Жылқыбаев және аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы Хайрулла Кеңесов тиісті сала басшыларымен Ошақты ауылдық округінде жиналды. Жиын барысында, қар еруі салдарынан туындайтын су тасқынының алдын-алу бойынша атқарылатын іс-шараларды пысықтады.

Ең алдымен Ошақты ауылдық округінің Қоңыртөбе елді мекеніндегі қашыртқылардың жай-күйімен танысқан аудан басшысы жергілікті тұрғындардың ұсыныс, пікірлерін тыңдады. Қажетті шараларды ұйымдастыру бойынша аудан әкімінің орынбасары Сүлеймен Нұрланұлына нақты тапсырмалар жүктелді.

Ошақты ауылдық округі аумағын көзден кешіру барысында аудан әкімі Жәнібек Есенұлы төтенше жағдайлар бөлімімен бірлесе жалпы аумақтағы көпірлердің жайына толық зерделеу жүргізе отырып, ұсыныстар дайындауды ауылдық округі әкіміне тапсырды.

Айта кетсек, Келес ауданы бойынша су тасқынынан туындайтын төтенше жағдайларды болдырмау және алдын-алу мақсатында сапалы техникалары бар жергілікті кәсіпкерлермен келісім шарт жасалған. Сонымен қатар, Ақтөбе, Ошақты, Бірлесу, Жүзімдік және Қошқарата ауылдық округтері бойынша қардың түсуі және жердің қатқақ болуы мәсе,лесі аясында зерттеу жұмыстары жүргізіліп келеді. Бүгінде жағдай қатаң бақылауға алынған.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы