Шардара ауданында қарасты жеке тұрғын үйде газ баллоны жарылып, оқиға орнында бір адам мерт болды, – деп хабарлайды Төтенше Жағдайлар Министрлігі баспасөз қызметі. Мәліметтерге сүйенсек, 14 қаңтарда сағат 18.41-де 112 пультіне газ баллоны жарылған жайлы ақпарат келіп түскен, 84 шаршы метр аумақта үйдің шатыры мен қабырғалары жартылай опырылғаны туралы деректер бар.
ТЖМ бөлімшелері келгенге дейін көршілері үйінді арасынан екі баланы алып шығып, орталық аудандық ауруханаға жеткізді. Қазір балалардың жағдайы анықталып жатыр. Аудандық аурухана дәрігерлері балаларға медициналық көмек көрсетті. Оқиға орнынан әйел адамның мәйіті табылды. Бүгінде жеке басының деректері анықталып жатыр. Өрттің шығу себебі анықталуда. Оқиға орнында ТЖ департаментінің қызметкерлері жұмыс жүргізуде, және арнайы құтқару техникасы жұмылдырылды.
