ҚАЗАҚСТАНДА ҰШУ БИЛЕТІ ҚАНША ПАЙЫЗҒА ӨСТІ?

502 көрілім

Қазақстанда әуе көлігімен сапарлау құны 17 пайызға қымбаттаған. Екі өңірде билет бағасы 50 пайыздан астам деңгейде өсті, – деп хабарлайды  yassy-tur.kz

Stan.kz ақпарат агенттігі  және Energyprom.kz порталына сілтеме жасап. 

2022 жылғы желтоқсан айының қорытындысына сәйкес, әуе көлігімен жолаушыларды тасымалдау қызметінің құны бір жыл ішінде 16,8 пайызға өсті.

Батыс Қазақстан облысында – 67 пайыз, Абай облысында –  57,3 пайыз, Қостанай облысында 43,2 пайыз өсім байқалды.

Қазақстандағы өңірлер арасында тек Ұлытау (20,8 пайызға) және Алматы облыстарында (3,9 пайызға) ғана билет құны арзандаған.

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі 2023 жылы халықаралық жаңа рейстер ашылатынын хабарлады. Осыған дейін, коронавирус індетіне байланысты бірқатар рейстер шектелген болатын. Қазіргі уақыта ішкі жолаушылар тасымалы бойынша бұрынғы кесте қалпына келтірілуде.

Сонымен қатар, 108 бағдар аясында 30 елге халықаралық рейстер де қайта қосылды.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Жоғары

Вы не можете скопировать содержимое этой страницы