«Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10 бабына және «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 10 бабына сәйкес, Түркістан қалалық мәслихатының кезектен тыс жиырма бесінші сессиясы 2023 жылғы 17 қаңтар күні сағат 12:00 де қала әкімдігінің мәжіліс залында өтетіндігін назарларыңызға жеткіземін.

Мекен-жайы: Түркістан қаласы, Әмір Темір көшесі № 28 ғимарат.
Депутаттар мен шақырылғандарды тіркеу 17 қаңтар күні сағат 11:30 дан бастап жүргізіледі.
Сессияның қарауына төмендегі мәселелер ұсынылады:
Түркістан қалалық мәслихатының 2019 жылғы 11 қаңтардағы «Түркістан қалалық учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» № 42/219-VІ шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
Түркістан қаласының округтік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы;
Түркістан қалалық мәслихат аппараты мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы;
Түркістан қалалық мәслихатының регламентін бекіту туралы.
Келіп түсуіне байланысты басқа-да мәселелер қаралуы мүмкін.
қалалық мәслихаттың төрағасы,
М.ТАҢҒАТАРОВ.
